Семей қаласының Абай кітапханасында Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми әдебиеттер көрмесі өткізілді

Семей қаласының Абай кітапханасында Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми әдебиеттер көрмесі өткізілді

1 наурызда Семей қаласының Абай кітапханасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеуге орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен азаматтық қорғау бойынша ғылыми техникалық әдебиеттер көрмесі өтті.

Аталған көрмеге азаматтық қорғау Жоғары колледжінің студенттері, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, сондай-ақ  М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары қатысты.

Іс-шара барысында келушілерге кітапхана мен оқу залы бойынша шағын экскурсия жүргізілді. Семей қаласының азаматтық қорғау және өртке қарсы қызметінің құрылу тарихын айтып өтті. Содан кейін қолда бар әдебиеттермен және азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды.