ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтық қорғаныс күні аясында жаттығулар көрсетіп, техника көрмесін өткізді

ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтық қорғаныс күні аясында жаттығулар көрсетіп, техника көрмесін өткізді

          Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында ШҚО ТЖД-да кең ауқымды бағдарлама өтті. Алдымен облыстың әр ауданында " Баршаның назарына!" деген белгіні білдіретін сирена дауысы естіліп, ТЖ қызметтері телерадиоарналарға қосылу арқылы құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізді.
        Содан кейін білім беру объектілерінде жалпықалалық сейсможаттығу  басталды. Ол болуы мүмкін болатын жер сілкінісі кезінде оқушылардың әрекеттерін тексеруге бағытталған. Оқу тапсырмаларын орындау барысында оқушылар құтқарушылардан нұсқаулық алды және қала мектептерінің ғимараттарынан эвакуациялауға қатысты. Құтқару бойынша практикалық элементтер, сондай-ақ қажетті авариялық-құтқару жабдығын қолдану пысықталды.
           Сондай-ақ, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқушылар мен тұрғындар үшін бір уақытта бірнеше бөлімшелерде Ашық есік күнін өткізді. Құтқарушылар  өтімділігі жоғары техника мен арнайы жабдықты көрсетті. Төтенше ведомствоның қызметкерлері құрал-жабдықтарды көрсетті, ал  ұлдар мен қыздар техниканы қарап қана қоймай, оның кабинасында отыруға мүмкіндік алды. Нағыз жауынгерлік киімді киіп көру балалардың ерекше қуанышын тудырды, бұл қысқа уақыт ішінде нағыз батырлар сияқты сезінуге мүмкіндік берді.

          ТЖ қызметінің қызметкерлері азаматтық қорғаныстың негіздері, басты функциялары, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде қандай іс-әрекеттер мен қауіпсіздік қағидалары туралы барынша түсінікті және қызықты түрде айтуға тырысты.
          Сондай-ақ, балаларға құтқарушы мамандығы және жұмыстың ерекшеліктері, нағыз өрт сөндіруші қандай қасиеттерге ие болуы керектігі туралы егжей-тегжейлі айтылды. Балалар танымдық дәрісті ерекше құлшыныспен және ықыласпен тыңдады.

      "Қалыптасқан жұмыс тәжірибесі және өскелең ұрпақпен қарым-қатынас бола отырып, әр жолы өз сабақтарына жаңа танымдық және қызықты нәрсе әкелуге тырысады, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов. - Азаматтық қорғаныс жылы аясында балалар өрт сөндіруші-құтқарушының ерлік кәсібі туралы біліп қана қоймай, адамдарға көмек көрсету, өзін және жақындарын түрлі қауіп-қатерлерден қорғау негіздерін үйренеді".
             Сондай-ақ, балалар ШҚО ТЖД Жедел - құтқару жасағына барып, іздестіру-құтқару жұмыстарының ерекшеліктері туралы білді, кинологиялық қызметпен және оның жануарларымен танысты.

           Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін өткізу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде шұғыл қызметтер мен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.