
Семей қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін ҚР ТЖМ №68303 әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды. Тұрғын үйлердің су басуын болдырмау мақсатында алдын ала су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді: қамыс кесу, каналды тереңдету және Восточный кенті ауданындағы су өткізу құбырларын тазарту. Бейбітшілік аралындағы"Орлиное гнездо" аумағында қолда бар жер үйіндісін нығайту. Барлығы жеке құрамнан 30 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1 шақырымнан астам арық жүйесі қамыстан, мұздан және қардан тазартылды.
Сондай-ақ, 8-ші Краснознаменная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағынан еріген суды бұру бойынша жұмыстар уақтылы жүргізілді.
Жұмыспен қамту жол картасы аясында Семей қаласының 4 учаскесінде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жобамен Ертіс өзенінің жағалауы бойындағы ені 9 метр жоспарланатын еңістерге және жоғарғы бөлігінің жиектеріне ені 1 метр бетон плиталарын төсеу көзделеді. Жағалауды бекіту учаскелерінің жалпы ұзындығы-2566,0 метр.
Су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар 1026 адам тұратын 254 тұрғын үйді қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді.