Назар аударыңыз! Дабылдар!

Назар аударыңыз! Дабылдар!

2022 жылғы 01 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні аясында және 2022 жылғы 03 наурыз «Көктем-2022» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы аясында облыста телерадиоарналарды ұстаумен электрдабылдарын қосу арқылы хабардар ету жүйесін тексеру өткізіледі.

Электрдабылын қосу «Баршаның назарына!» сигналын білдіреді.

Егерде сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болсаңыз және сирена дауысын естісеңіз, шұғыл түрде 104,0 жиілігіндегі «Қазақ радиосын» (ұялы телефон арқылыда болады) қосыңыз. Үйде дабылды естігенде, бірден теледидардағы «Хабар», «31 арна», «КТК», «Қазақстан» жергілікті арналарын қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыздар.

Барлық ересектер өздері нақты түсініп алып, балаларға дабыл дауысы – «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы екенін түсіндіру қажет. Оны естігенде, қорықпау керек, тек оның себебінің түсіндірілуін күту қажет.

Тұрғылықты мекендегі және үйдегі көршілеріңізді хабардар ету ұсынылады: олар берілген ақпаратты естімеуі мүмкін. Тез арада кез-келген үрейдің және қауесеттің тарауының алдын алу қажет.

ТЖД сиренаның қосылуына түсіністікпен қарауды және берілген ұсыныстармен, өздеріңіздің міндетті түрде жаттығуларыңызды сұрайды.