
Жарма ауданында «Өскемен-Алматы» тас жолының 932 шақырымындағы Балактыкөл ауылында «Семей-Алматы» бағытымен жүретін автобус сынып, ішінде 10 жолаушы мен 5 бала қалған. Эвакуациялау үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды. Оқиға орнына келгеннен кейін 32-ӨСБ қызметкерлері автобустан 5 бала мен 6 ересекті алып, оларды Жаңаөзен ауылына жеткізіп, спорттық лагерьге орналастырды. 2 жүргізуші мен 2 жолаушы, 13 ит эвакуациялаудан бас тартты.
ШҚО ТЖД еске салады, ешқандай жағдайда да көріну нашар және ауа-райы қолайсыз болған кезде түнгі уақытта жолға шықпаңыз. «Дәрмен» қосымшасында дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы алдын-ала біліп алыңыз. Жоспарланған бағыт және шамамен қайту уақыты туралы хабарлаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.