
Жаңа Бұқтырма кентінде, қараусыз қалған саяжай телімінің аумағында ит жертөлеге құлап кеткен. Жануардың үргенін естіген куәгерлер құтқарушылардан көмек сұрады.
Ит қамалған орынға келген 20-ӨСБ қызметкерлері үш иінді баспалдақпен жертөлеге түсіп, төрт аяқты жануарды шығарып алды.
Осы аптада ШҚО ТЖД мамандары төтенше жағдай кезінде жануарларға көмек көрсеткен алғашқы жағдай емес.
ШҚО ТЖД құтқарушылардың көмегіне жүгіне алатын, 112 телефонының қолданысы туралы еске салады.