Көшкін қаупі сақталады

Көшкін қаупі сақталады

        2022 жылғы 25-28 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі сақталады. Қолайсыз метеожағдайларға, желдің күшеюіне және температуралық фонның көтерілуіне байланысты облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін.
     Құтқарушылар тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды сұрайды. ШҚО ТЖД тік қарлы беткейлерге шығуға болмайтынын ескертеді.
     Таулы аймаққа бара жатқанда ауа-райын ескеріңіз. Дауылды ескертулер мен ауа райы жағдайлары туралы "Дәрмен"мобильді қосымшасынан білуге болады. Қатты жел кезінде  тауға баруға болмайды.
Төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша көмек сұраңыз.