ШҚО-да профилактикалық қар көшкіні жалғасуда

ШҚО-да профилактикалық қар көшкіні жалғасуда

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының және ШҚО ТЖД мамандары қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу мақсатында "Өскемен - Самар"автожолында кезекті профилактикалық іс-шара өткізді. Көлемі 2750 текше метр жиналған қар 4 учаскеден тасталды.

"Біздің бақылаушы-мамандар күн сайын көшкінжинақ жағдайына мониторинг жүргізеді.  Қар өлшеу рельстерінде олар қардың мөлшерін және оны тастау қажеттілігін анықтайды. Көп ұзамай көктем – қар ери бастаған және өз салмағымен беткейлерден оңай кететін ең көшкін қауіпті уақыт. Сондықтан азаматтарымызға дауылды ескертулерге құлақ асуды және егер көшкін қаупі жарияланса, тауға барудан бас тартуды ескертеміз " - Омар Дүзгімбаев-Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы.

         Қыс кезеңінің басынан бері облыста жалпы көлемі 39760 текше метр болатын 50 рет қар түсірілді.

ШҚО ТЖД ұсынады:

- маршрутқа шыққанда ауа райы болжамын ескеріңіз. Тауға қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде шығуға болмайды;

- жалғыз және тәуліктің қараңғы уақытында жорыққа шықпаңыз. Маршрут пен жоспарлар туралы жақындарыңызға, құтқарушыларға міндетті түрде хабарлаңыз.

Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек:

- жартастың, ағаштың артына тығылуға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз;

- көшкінге түсіп, бетінде қалу үшін жүзу қозғалысын жасаңыз;

- қарға батырған кезде тізеңізді ішке  қарай тартыңыз, көшкіннің тоқтауын күтіңіз, жоғарғы-төменгі жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз

 

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.