Шығыс Қазақстанда су тасқынына дайындық бойынша комиссия жұмысы жалғасуда

Шығыс Қазақстанда су тасқынына дайындық бойынша комиссия жұмысы жалғасуда

Жұмылдыру топтарының құрамында ШҚО ТЖД құтқарушылары, жергілікті атқарушы және мүдделі органдардың өкілдері көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының барлық су тасқыны қаупі бар орындары мен учаскелерін тексереді. "Көктемгі кезеңге арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына" және "су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені" Жол картасын іске асыруға сәйкес белгіленген іс-шаралар мұқият тексеріледі. Облыс аудандарының су басу қаупін болдырмау үшін жағалауды бекіту және түбін тереңдету, бөгеттерді жөндеу, арнаны реттеу және басқа да алдын алу іс-шаралары бойынша жұмыстар қадағаланады. Сондай-ақ комиссия азаматтарды уақытша орналастыру пункттері мен көшіру пункттерінің дайындығын, ЖЖМ, инертті материалдар қорын және су тасқыны кезеңіне тартылатын техниканың жай-күйін мұқият тексереді.

Атқарушы органдардың еріген қар суларын өткізуге дайындығын тексеру, Катонқарағай, Бородулиха, Абай, Жарма, Шемонаиха, Аягөз, Зайсан, Көкпекті, Үржар, Тарбағатай аудандарының, Алтай ауданының және Риддер қаласының аумағындағы ықтимал қауіпті орындарды, Гидротехникалық құрылыстарды, су тасқыны қаупі бар учаскелер мен автомобиль жолдарын анықтау жүргізілді.

Комиссия қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерде су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша ұсыныстар береді.

"Қазгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша Шығыс Қазақстандағы қар жамылғысының биіктігі 7-ден 95 см-ге дейінгі аралықта орналасқан.

Қазіргі уақытта облыста гидрологиялық жағдай тұрақты,су деңгейі төмен.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап өңір аумағында су тасқыны кезеңі бойынша ТЖ алдын алу мақсатында жоғары дайындық режимі енгізілді. Қардың жиналуына және мұз жағдайына мониторинг жүргізіледі. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары іске асырылуда, бюджетте 2,6 млрд.теңге көлемінде қаражат көзделген.Облыстағы 229 гидротехникалық құрылысты пайдалануға мониторинг ұйымдастырылды.

 Жалпы облыс бойынша 108 су тасқыны қаупі бар елді мекен анықталды.

Су тасқыны құбылыстарын болдырмау үшін 7 ауданда облыс өзендері бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін учаскелер анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында көп жылдық синоптикалық болжам бойынша облыс өзендеріндегі су тасқыны әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін жалғасады. Өзендердегі су деңгейінің көтерілу қарқындылығы және көлбеу ағындардың пайда болуы ауа температурасының күрт көтерілуіне және жаңбыр түрінде жауын-шашынға байланысты артуы мүмкін.