Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қысқы чемпионаттың бірінші күні қорытындыланды

Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қысқы чемпионаттың бірінші күні қорытындыланды

Биыл Шығыс Қазақстанда өтетін Қазақстан Республикасының Өрт сөндіру - құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы ХХХ, әйелдер арасындағы VIII, жасөспірімдер арасындағы VII чемпионаттарына 18 ерлер командасы, 13-жасөспірімдер мен 11 әйелдер командасы қатысып, бағын сынауда. Облыстардан, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан келген 400-ден астам спортшы үздік атану үшін тіресіп, күресуде.

Бірінші күні чемпионатқа қатысушылар оқу мұнарасының тік қабырғасына шабуыл жасады, онда жас топтары бойынша екінші, үшінші және төртінші қабаттың терезесіне шабуыл сатымен көтерілді.

Жарыстың алғашқы минуттарынан бастап спортшылар арасында қызу күрес басталды. "Жарыс өте қызу бәсекеде өтуде, - деді чемпионат барысына" "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ атқарушы комитетінің директоры Дәурен Данаев. "Атырау, Шығыс Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Түркістан және Ақтөбе облыстарының командалары жақсы өнер көрсетуде. Спортшылардың дайындық деңгейі жыл сайын артып келеді", - деп ойымен бөлісті.

 Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар мына  нәтижелерді көрсетті:

Командалық түрде:

1 орын - Атырау облысы

2 орын - ШҚО

3 орын - Нұр-Сұлтан қ.

Жеке түрде:

1 орын-Снегирев Дмитрий Нұр-Сұлтан қ.

2 орын-Жасұлан Қайсарбеков Атырау облысы

3 орын - Вахитжан Казакбаев Шымкент қ.

Әйелдер арасында:

 1 орын - Нұр-Сұлтан қ.

2 орын - Түркістан облысы

3 орын - Ақмола облысы

Жеке түрде:

1 орын - Кристина Булыкина, Нұр-Сұлтан қ.

2 орын - Айдана Тұрсын, Түркістан облысы

3 орын – Анастасия Хорошева, Ақмола облысы

Ұлдар арасында:

1 орын - ШҚО, Ақтөбе облысы командалары тең түсіп, бірдей нәтиже көрсетті

3 орын-БҚО

Үлкен топ:

Жеке түрде:

1 орын - Асхат Қанибай, Абылайхан атындағы Қызылорда колледжі.

2 орын - Нұрғиса Әйтекеев, Ақтөбе облысы

3 орын - Дінмұхамед Әбілбаев-ШҚО

Орта топ:

1 орын-Мирас Ақылбеков, Атырау облысы

2 орын - Айваз Сабыржанов, БҚО

3 орын - Эльдар Авилов, ШҚО

Кіші топ:

1 орын-Әмір Абаев, Ақтөбе облысы

2 орын – Ернұр Насибулин, БҚО

3 орын - Арсений Скуратов, ШҚО