ШҚО-да бір тәулік ішінде 3 өрт сөндірілді

ШҚО-да бір тәулік ішінде 3 өрт сөндірілді

Өскеменде Малинова көшесіндегі "Королmки" саяжай қоғамының аумағында үйдің төбе жабыны, шатырдың, есік және терезе блоктарының ағаш конструкциялары, жеке заттар, сондай-ақ веранданың ағаш конструкциялары жанған. Өрт сөндірушілер 34 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 1 газ баллонын алып шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Семей қаласында Павлодар көшесінде тұрғын емес жеке үйде төбелік жабынның, шатырдың, есік және терезе блоктарының ағаш конструкциялары, жеке заттар, сондай-ақ алаңы 49 шаршы метр веранданың ағаш конструкциялары өртенді.

Сол күні Семей қаласында Западный көшесі бойынша ЖШС аумағында жеке тұрған трансформаторлық қосалқы станцияда электр кабельдерін оқшаулау, алаңы 3 ш.м. ағаш есік конструкциялары өртенді.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:

- электр сымдарының жай-күйін бақылаңыз

- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

- отпен жұмыс істеу кезінде абай болыңыз.


      Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.