
Өскемендегі Тохтаров көшесінде кішкентай бала пәтерде қамалып қалды, ата-анасы жағдайды өздігінен жағдайдың шешімін таппаған соң құтқарушыларды көмекке шақырған. Көмекке Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері келіп қарапайым құралдардың көмегімен кіреберіс есіктің құлпын ашып, баланы қамаудан құтқарды.
Дәл осы күні облыс орталығында Қабанбай батыр және Әл-Фараби көшелерінде осындай оқиғалар орын алды, балалар есіктерінің артында қалып қойған. Құтқарушылар барлығына жедел түрде көмек көрсетті.
Глубокое ауданында әйел адам көппәтерлі тұрғын үйдегі жертөленің шұңқырына құлап кеткен. 36-ӨСБ қызметкерлері оқиға орнына келіп, 1974 жылы туған әйелді мұқият алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, ал дәрігерлер оны жарақаты болған соң ауруханаға жатқызған.
"Біздің тәжірибеде балалар есіктің арғы жағында қалып қоятын жағдайлар жеткілікті. ТЖД бөлімшелері адам өміріне қауіп төнген кезде ғана төтенше жағдайда есіктерді ашады, бұнда әр сәт санаулы. Өмірге қауіп төндіретін нәрсе-бұл пәтердің ішінде есікті өз бетінше аша алмайтын адамдардың (кішкентай бала, қарт адам, мүгедек және т.б.) болуы. Сондай – ақ, қосулы қалған электр жабдықтары, газ қондырғылары, жылыту құралдары - өрттің немесе жарылыстың себекер жағдайлар да қауіпті деп есептелуі мүмкін", - деп атап өтті ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.
Қауіпсіздік мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары кішкентай балалары барларға өздігінен жабылып қалмайтын құлыптарды орнату ұсынылады, оларды тек кілттің көмегімен жабуға болады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі