ҚР ТЖ министрі Шығыс Қазақстанға келді

ҚР ТЖ министрі Шығыс Қазақстанға келді

        Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.
Ол ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағына барып, құтқарушылардың техникасымен және су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты.  Жасақтың қарулануында 7 мотопомпа, 9 бірлік техника, оның ішінде өтімділігі жоғары (КУНГтар, камаздар, трэкол, шерптар), 9 жүзу құралы бар. Олар үлкен су келген жағдайда іске қосылады.
Сондай-ақ, министр «Қазселденқорғау» ШҚ филиалына барды. Қысқы маусымда облыс аумағында 497 көшкіні бар аймақтар тіркеуге алынған. Оның ішінде 325-сі шаруашылық жүргізу объектілері мен  адамдарға қауіп төндіруде. Автожолдар бойында орналасқан көшкін қаупі бар ошақтар аса қауіпті болып саналады. Көшкін қаупі бар аудандар бойынша халықты, коммуникацияларды және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау  мақсатында 207 қар өлшеу рейкасы орнатылған. 20 қар өлшеу-көшкін бағыттары бойынша 325 қауіпті учаскеге тексеру жүргізіледі. Қауіпсіздік мақсатында қысқы кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 37010 текше метр болатын 46 алдын ала қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілді.
       Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында облыста каналдар мен арықтарды, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді тазарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.  222 мың текше метр қар шығарылды. 85 мың дана қап, 6 мың тонна инертті материалдар, 659 тонна ЖЖМ дайындалды. Қазіргі уақытта өңірде жүргізілетін алдын алу іс-шараларының сапасын қадағалайтын арнайы құрылған топтар жұмыс істеудеі. 2021 жылы жол картасы шеңберінде жалпы сомасы 162 млн.теңгеге барлық 11 іс-шара толық көлемде іске асырылды. 2022 жылға жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 231,5 млн.теңгеге 13 іс-шара енгізілді.
        Күштер мен құралдар, оның ішінде жалпы өнімділігі сағатына 48 мың текше метр 376 мотопомпа дайындалды. Облыстық бюджетте шұғыл шығындарға және төтенше жағдайларды жоюға 2,6 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. 108 ықтимал су тасқыны қауіпті елдімекендер анықталды, 20 - да су басу қаупі сейілді, ал 69 – да барынша азайтылды.
         «Қауіпті жағдайлар жыл сайын су айдындарының жанында заңсыз құрылысы бар аудандарда қалыптасып келеді. Су көтерілгеннен кейін ғимараттар су астында қалады. Бұл су қоймаларының жанында заңсыз орналасқан нысандарға материалдық шығын әкеледі», - деді Юрий Ильин.
           Өңірде Өскемен қаласында, Алтай ауданында, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандарында су тасқыны қаупі сақталуда.
Су тасқыны жағдайын бақылау үшін 53 гидробекетті қамтитын бақылау жүйесі жұмыс істейді.
       ШҚО ТЖД бөлімшелері жағдайды тәулік бойы қадағалайды.  Жергілікті атқарушы органдар «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына» сәйкес алдын алу жұмыстарын жүргізуде.