
Өскеменде Красин көшесінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген сәтте супермаркеттің 2 қабатты жеке тұрған ғимаратының бірінші қабатында стеллаждар, тоңазытқыш жабдықтар, өнімдер жанып кеткен. Өрт сөндірушілер 10 ш.м. аумақтағы жануды жедел жойды. Өрттің алдын ала себебі: электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 26 адамы және 7 бірлік техникасы тартылды.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
- Уақытында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарын жойыңыз.
- Ашық отты пайдалану, объектілерде темекі шегу кезінде немқұрайлыққа жол бермеңіз.
- Алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын қамтамасыз етіңіз.
- Электр сымдарының және автоматты өрт дабылының жарамдылығын бақылаңыз.
- Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.