ШҚО-да өрт сөндіру - құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатының мандаттық комиссиясы өтті

ШҚО-да өрт сөндіру - құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатының мандаттық комиссиясы өтті

2022 жылғы 22 ақпанда өрт сөндіру -құтқару спорты бойынша чемпионаттың бас төрешісі Ерлан Нұрпейісовтің төрағалығымен өрт сөндіру -құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатының мандаттық комиссиясы өтті. Отырысқа облыстық ТЖД мен М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғау академиясының төрешілер алқасы, жаттықтырушылары мен команда өкілдері қатысты.

            Қысқы чемпионатты өткізуге дайындық бойынша "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ атқарушы комитетінің бастығы Дәурен Данаев баяндама жасады. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамаларының бас жаттықтырушылары жарыстарға дайындық және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады. Жиын командалардың жеребе тастауымен аяқталды.    

 Чемпионат 23 ақпан күні сағат 10.00-де Өскемен қаласында ШҚО ТЖД спорт манежінде басталады. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі ашады.

 Чемпионат 3 күнге созылады.  "100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту" "шабуыл сатысымен көтерілу" түрлерінің нәтижелері бойынша мықты спортшылар анықталатын болады.