Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі бар учаскелерді қардан тазалау жалғастырылуда

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі бар учаскелерді қардан тазалау жалғастырылуда

Бүгін "Өскемен-Алтай" автожолының (58 -66 шақырымында) профилактикалық қар көшкіні жүргізілді. Өңірде көшкін қаупі бірнеше күннен бері сақталып келеді. "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы және ШҚО ТЖД мамандары 6 жарылыс жұмыстарының нәтижесінде 7300 текше метр қар массасының түскенін атап өтті.

         "Қыс мезгілі басталғаннан бері облыста жалпы көлемі 37010 текше метр болатын 46 қар көшкінін түсіру жүргізілді", - деп атап өтті  Омар Дүзгімбаев, Қазселденқорғау" ШҚ филиалы.

Қазселденқорғау ШҚ филиалының бақылаушы- мамандары қар көшкіні жинақтағыштардың жағдайларына тұрақты мониторинг жүргізеді.  Арнайы қар өлшеуіш рейкалар арқылы олар қардың мөлшерін және оны түсіру қажеттілігін анықтайды.

Тұрғындар ШҚО ТЖД құтқарушыларының дауылды ескертулерін елемей, егер көшкін қаупі туралы хабарланса, тауға барудан бас тартулары керек. 
         Төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша көмек сұраңыздар.