Көшкін қауіпті беткейлер тазаланды

Көшкін қауіпті беткейлер тазаланды

Бір аптадан кейін көктем келеді – бұл ең қауіпті көшкін қауіпті маусым. Алайда, қазірден бастап ауа температурасының күрт ауысуы, жауын-шашынның түсуіне байланысты облыста көшкін қаупі қалыптасты.

  Шығыс Қазақстанда «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының мамандары «Алтай-Путинцево», «Алтай-Богатырево» жолындағы профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді. Төрт учаскеден жиналып түскен қар көлемі 1550 текше метр.

«Біздің бақылаушы-мамандар күнделікті қар көшкіні жинақтауыштарға мониторинг жүргізеді. Арнайы қар өлшеуіш сырықтың көмегімен қардың көлемі мен оны лақтыру қажеттігін анықтайды. Көктем жақындап қалды, бұл көшкін қауіпті маусым, қар еріп және өз салмағымен беткейден сырғып кете барады. Сондықтан да азаматтарға көшкін туралы дауылдық ескертулерге құлақ түріп, тауға баруды шектегені дұрыс» - дейді Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Төтенше жағдай кезінде 112-ге қоңырау соғыңыз.