Құтқарушылар балықпен рейд өткізді

Құтқарушылар балықпен рейд  өткізді

ШҚО ТЖД құтқарушылары Шүлбі су қоймасы ауданында өтіп жатқан мұз бетіндегі балықты спорттық аулау бойынша облыстық чемпионатты өткізуге өз үлестерін қосты. ТЖ мамандары сайысқа қатысушыларға "балық" костюмін киіп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізді. "Балық" балық аулауға және жұқа мұзға шығуға тұрарлық емес екенін білдірді. Қысқы  әуесқойлар құтқарушылардың креативті акциясына түсіністікпен қарап, оқытуға белсенді қатысты. Керемет костюм адамдардың назарын аударды және алдын-алудың осы әдісін" қолдана " отырып, құтқарушылар азаматтарға маңызды ережелерді жеткізді. Қатысушылардың әрқайсысына мұздағы жүріс-тұрыс ережелері және мұзға шығу кезінде өзімен бірге қандай жабдық алу туралы жадынама берілді. ШҚО ТЖД төтенше жағдайға тап болмас үшін мұзға шыққанда келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді: - Қалыңдығы кемінде 10 сантиметр мұз адам үшін қауіпсіз деп саналады. - Ешқандай жағдайда мұзға тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде шығуға болмайды - Мұзға құтқару кеудешесі мен ілгектер,  ұзындығы кемінде 12 метр арқан, су өткізбейтін пакетке салынған ұялы телефон  керек. - Ешқандай жағдайда мұзға мас күйінде шықпаңыз.  Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.