
2022 жылғы 23-25 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өрт сөндіру - құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 19 команда қатысады. Қатысушылар мына спорт түрлерінен өзара бақ сынайды: кедергілері бар 100 метрге жүгіру, оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу. Мұнда ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары жарысып, бақ сынайды.
Өрт сөндіру-құтқару спорты өрт сөндірушілердің жауынгерлік әзірлігін арттыратын және өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын қолданбалы спорт түрі болып табылады. Баспалдақтың салмағы 8,5 келі, ұзындығы 4 метр. Бірнеше секунд ішінде спортшылар оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтеріледі, сондықтан жақсы нәтиже көрсету үшін жылдамдық, күш және икемділік қажет. Ең көрнекі нәтижелердің бірі 2021 жылдың жаз айында Қарағанды қаласында өткен Әлем чемпионатында тіркелді. Спортшы Николай Буторин баспалдақпен оқу мұнарасының терезесіне 13, 3 секундта көтерілген болатын.
Қазақстанның бірнеше өңірі осындай оқу-жаттығу кешенінің болуымен мақтана алады. Облыс орталығында спорт манежі алғашқылардың бірі болып пайда болды. Енді мұнда облыстық және Республикалық маңызы бар жарыстар үнемі өткізіліп тұрады. Спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, чемпионат жоғары деңгейде өтуі үшін барлық жағдай жасалуда.
Өскеменде чемпионатты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ашады.
БАҚ-тардан іс-шараны жариялауға белсенді қатысуды сұраймыз.