
Өскемен қаласындағы кәсіпорындардың бірінде өрт сөндіру қызметіне қойма жанып жатқаны туралы қоңырау бүгін таңғы 6-да түсті. Дереу оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді. Қойма ашық жалынмен жанып жатты. Қойма ішіндегі 2 жүк автомобилі мен 1 жеңіл автокөлік отқа оранған еді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт 200 шаршы метр жалпы алаңда 08 сағат 16 минутта жойылды.
Өрттің алдын ала себебі-электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Объектілерде жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдары және автоматты өрт дабылы болуы тиіс. Қызметкерлерге қауіпсіздік нұсқауларынан өту және өрт кезінде әрекет ете білуі керек. Электр жабдықтарының жарамдылығын бақылаңыз.
Өрт кезінде 112 немесе 101 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет .