Семей қаласында құтқарушылар тоғыз қабатты үйдегі өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялады

Семей қаласында құтқарушылар тоғыз қабатты үйдегі өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялады

Семей қаласында Бөгембайұлы көшесінде 9 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Бірінші кезекте, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер барлау жүргізіп, кіреберісте пәтердің кіреберіс тобы, дәліз және жиһаз жанғанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің құрылған 2 буыны қатты түтінге оранған подъезден 4 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар азаматтарды жылы "Вахта"автокөлігіне орналастырды. Барлығы ШҚО ТЖД жеке құрамынан 21 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі өрттер, өрттің үлкен аудандарға таралуының жоғары деңгейіне ие. Жалынның бір пәтерден екінші пәтерге таралуы өте тез жүреді, сондықтан мұндай өрттер тұрғындарды үлкен  шығындарға әкеледі.
Тургындарға ескерту, көп пәтерлі үйлерде тыйым салынатыны:
өрт, жарылыс қауіпті заттарды, жиһаздарды және өзге де заттарды техникалық қабаттарға жинау;
саты торларында қосалқы үй-жайларды ұйымдастыру;
жиһазды сақтау және жанғыш материалдарды сатылардың астына жинау;
эвакуациялық шығу жолдары мен есіктерді өз бетінше қайта жоспарлау және жаңғырту;
қолдан жасалған жылытқыштарды немесе ақаулы Термореттегішті қолдану;
зақымдалған электр құрылғыларын қолдану;
желіге қосылған электр құралдарын қараусыз қалдыру (тәулік бойы жұмыс режимінде болуы тиіс аспаптардан басқа).
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.