ШҚО-да қар көшкіні болды

ШҚО-да қар көшкіні болды

Шығыс Қазақстандағы ауа-райының қолайсыздығы көшкіннің өздігінен түсуіне әкелді. Алтай ауданының Алтай-Малеевск-Путинцево жергілікті автожолында 250 және 300 текше метр көшкін түсіп, олар автожолды толығымен жауып тастады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қар массасынан жол толығымен тазаланды, жол қозғалысы қамтамасыз етілді. "Қазселезащита" ШҚ филиалының мамандары алдын ала 2022 жылдың 16 ақпан күні сағат 17.15-тен таңғы 10.00-ге дейін жолдарды жабу туралы ұсыныстар берді. Естеріңізге сала кетейік, облыста 497 көшкін жинақ бар, оның ішінде 336-сы объектілер мен адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Автожолдар бойындағы 20 ошақ аса қауіпті болып табылады. 15-17 ақпаннан бастап көшкін қаупі туралы дауылды ескерту жарияланған. Осыған байланысты халыққа тауға шығуға, ал көшкін қаупі бар ошақтардың жанынан өтіп бара жатып тоқтаумауға, қауіпті аймақтан тез өтуге кеңес беріледі. ШҚО ТЖД тауға барған кезде мынаны еске салады: - дауыл туралы ескертулерді қадағалаңыз, оларды ескерің; - есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі қалың қар жауғаннан кейін 3 күн бойы, қатты жел, температураның кенеттен өзгеруі кезінде сақталады. Төтенше жағдай туындаған кезде " 112 " нөміріне қоңырау шалыңыз