
15 ақпан күні 20 сағат 30 минутта Аягөз қаласынан 15 шақырым жерде Республикалық маңызы бар автожолда ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 адам автокөлікте қалып қойған. ШҚО ТЖД құтқарушыларының күшімен техникалық ақауы бар жеңіл автокөлік Аягөз қаласына жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж емес.
Ұлан ауданында "ВАЗ 2115" маркалы автокөлік Жарма ауданы Борсық ауылынан 4 шақырым жерде қар құрсауында қалып қойды. Белгілі болғандай, ол құтқарушылардың дауылды ескерту туралы ескертуіне қарамастан, Әуезов ауылынан Өскемен қаласына қарай бет алған. Қар құрсауында қалған жүргізуші "112" қызметіне көмек сұрап жүгінді ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы қызметкерлері келген соң тростың көмегімен автокөлікті қар құрсауынан шығарып, облыс орталығына алып барды.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Ешқандай жағдайда да қолайсыз ауа райында және дауылды ескерту жарияланған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді. Жолдардың жағдайы туралы Дәрмен мобильді қосымшасынан білуге болады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.