Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні кітаптарда

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні кітаптарда

"О. Бөкей атындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде" Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме сөрелерінде азаматтық қорғаныстың  мәнін ашатын ғылыми материалдар, кітаптар мен мерзімді әдебиеттер, Төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар қаупі мен туындауы кезінде халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар ұсынылған.

Көрмеге қойылған басылымдар студенттерге, ұйымдар мен кәсіпорындардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлеріне, мүдделі органдардың қызметкерлеріне де қызықты болады. Барлығы 100-ден астам басылым ұсынылған. Көрме ұйымдастырушылары "Қазақстанның өрт сөндірушісі және құтқарушысы" журналын да назардан тыс қалдыра алмады, оның беттерінде біздің еліміздегі ТЖ қызметінің қалыптасу және даму тарихы көрсетілген.

Көрменің мақсаты-келушілерді қызықты тақырыптық басылымдармен таныстыру. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні 1990 жылдан бастап ТЖ кезіндегі іс-әрекеттер туралы білімді насихаттау мақсатында атап өтіледі. 1 наурыз күні кездейсоқ таңдалған жоқ - бұл күні Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) Жарғысы күшіне енді", - деп атап өтті директордың орынбасары Жанат Жиенбекова. Көрме наурыз айына дейін жалғасады, оған барғысы келетіндердің барлығын кітапхана қабырғаларында Е.Славский атындағы жағалау - 22 мекенжайында күтеді.