Демалыс күндері ШҚО ТЖД құтқарушылары шұғыл жағдайларда көмек көрсетті

Демалыс күндері ШҚО ТЖД құтқарушылары шұғыл жағдайларда көмек көрсетті

13 ақпанда Семей қаласында Гагарин көшесінде ер адам шұңқырға құлап кеткен. Көмекке келген 2-МӨСБ құтқарушылары зембілдің көмегімен ер адамды арықтан абайлап көтеріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Семей қаласында  Өтепбаев көшесінде кішкене балалар пәтердегі жабық есіктің артында қалды. Келген соң ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының қызметкерлері құралдардың көмегімен 2017 және 2019 жылы туылған балаларды "босатты". Осыған ұқсас жағдай Өскеменде орын алды-бала Астана көшесіндегі пәтердің есігі жабылып қалып, құтқарушылар жедел түрде есікті ашуға көмектесті.

13 ақпанда Семей қаласының Шүлбі кентінде мұзда жеңіл автокөлік қалып қойған. Жүргізуші құтқарушыларды көмекке шақырды. 40-ӨСБ қызметкерлері оқиға орнына келіп, 2000 жылы туған ер адамды Шүлбі кентіне өтімділігі жоғары техникамен жеткізді, оған медициналық көмек қажет болмады.

Өскеменде Бажов көшесінде ит кәріз люгіне құлап кетті.  Келген ШҚО ТЖД қызметкерлері жануарларды аулауға арналған ілмекті пайдаланып, құдықтан итті алып шықты.

ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Қала сыртына шыға отырып, жолдардың жағдайы туралы "Дәрмен" мобильді қосымшасынан білуге болады. Қазақстанда қолайсыз ауа райына құлақ түріп, жетуі қиын жерлерге бармаңыз. Автокөлікпен жолға шығар алдында әрдайым дәрі қобдишасы, трос, зарядталған телефоны болуы тиіс, өзінің болуы және жоспарланған қайту уақыты туралы жақындарына хабарлауға міндетті.

 Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.