Абай болыңыз, қар көшкіні болуы мүмкін!

Абай болыңыз, қар көшкіні болуы мүмкін!

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша,  қолайсыз метеожағдайларға – жауын-шашынның түсуі мен желдің күшеюіне байланысты, 11-14 ақпан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қауіпті уақыт – қалың қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде, аяздан кейін жылымық, қатты жел екенін еске салады. Бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез шығыңыз.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса – «112» ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір.