
Өскемен қаласында 11 ақпанда Сәтпаев даңғылындағы қала мектептерінің бірінде 2006 жылы туған оқушы сақинасын өздігінен шеше алмағандықтан, саусағы ісіп кетті. Құтқарушылар көмекке келіп сақинаны абайлап кесіп, қыздың саусағын босатты.
Беспалов көшесінде бала жуынатын бөлмеге қамалып қалып, ата-анасы құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды. Оқиға орнына келіп жеткен ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының мамандары арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып берді.
ШҚО ТЖД ата-аналарға мұқият болып, балаларды жалғыз қалдырмау және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретуді сұрайды.
Құтқарушылардың көмегі қажет болса 112 нөміріне хабарласыңыз.