
2022 жылғы 10 ақпанда Семей қаласында 648 км. мекен жайында екі үй иесінің үйі өртенді. Аталға мекен жайда кіреберіс бөлменің төбесінің ағаш құрылымдары, терезе мен есік блогы, жиһаз өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жақын жерде тұратын туысы Андрей Матвеев өртті байқап, көмекке асықты. Қатты түтінге оранған тұрғын үй-жайда 1954 жылы туған ер адам қалды. Андрей атты азамат қобалжымай, терезені лезде шағып, түтінге оранған үйге кірді. Кірген бетте еденде ол үй иесін тауып, оны таза ауаға шығарды. Ер адам күйік және жану өнімдерімен уланбаған алды және Жедел жәрдем дәрігерлерінің тексеруінен кейін үйде қалдырылды. Өрт орнына дереу келген өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 ш. м. өртті сөндірді.
Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Андрей өте қарапайым азамат болып шықты және құтқарушыларға өзі туралы айтқан жалғыз нәрсе - ол 41 жаста, оның 2 баласы бар.