Шығыс Қазақстанда авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

Шығыс Қазақстанда авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

10 ақпан күні Жарма ауданында, Сұлусары ауылында вахташылар отырған автобус сынып қалды. 32-ӨСБ қызметкерлері аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп КҮНГ автокөлігімен Қалбатау ауылына дейін 53 адамды эвакуациялап, спорт мектебіне орналастырды.

         11 ақпан күні таңертең Аягөз өзенінен өту кезінде "Ауди С4" және "ИЖ" маркалы 2 автомобиль тұрып қалған, онда 4 адам болған. ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлар бөлімі және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері көліктерді жағаға сүйреп шығарып,  Аягөз қаласына дейін шығарып салды.

         ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.  Қолайсыз ауа райы кезінде жетуі қиын жерлерге шықпаңыз. Автокөлікте жолға шығар алдында әрдайым дәрі қобдишасы, трос, зарядталған телефоны болуы тиіс, өзінің болуы және жоспарланған қайту уақыты туралы жақындарына хабарлауға міндетті.

Төтенше жағдайлар кезінде "112"нөміріне хабарласыңыз.