Алтай ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Алтай ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

     2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасы аясында елді мекендерді су басудан қорғауды күшейту үшін Алтай ауданында толық көлемде
Тұрғысын ауылындағы Бұқтырма өзеніндегі бөгетті жөндеу,
Путинцево ауылындағы Березовка өзенінің арнасын тазарту, түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. 

         2022 жылға арналған су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша іс-шаралар жоспары аясында
Березовка өзеніндегі бөгетті  кеңейту және тығыздау жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде-
Зубовск кентінде ұзындығы 1100 метр Грязнушка өзенінде мұздан тазартылып және арна реттелді.  
Жергілікті атқарушы органдар 11,943 мың т.м. қар шығарды.
Су тасқыны қаупі бар кезеңде инертті материалдар дайындалды: 27 тонна, ЖЖМ – 34 тонна, 7800 дана қап дайындалды.
Су тасқыны кезеңінде халықты уақытша орналастырудың 16 пункті құрылды. Онда кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ жиынтығы, 34 көлік бірлігі, 16 генератор бекітілген. 
Қалалар, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдіктері шаруашылық жүргізуші субъектілермен 131 бірлік техниканы тартуға ниет білдірді.
Бүгінгі таңда Алтай ауданында қар жамылғысының биіктігі 71 см-ге жетеді, топырақтың қату тереңдігі 40 см құрайды.