Семей қаласында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде

Семей қаласында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде

Көктем кезінде тұрғын үйдерді су басуын және «Бейбітшілік аралы», Мирный, Шығыс, Пристань аудандарындағы Ертіс өзені жағалауы учаскелерінің шайылуын, сондай-ақ «Смычка» суқоймасын су басу қауіпін болдырмау үшін қазіргі уақытта Ертіс өзенінің жағалауын бекіту  жобасы жүзеге асырылуда.

««Бейбітшілік аралы» аралында 32 үй 134 тұрғын, Мирный кентінде 30 үй 150 тұрғын, Шығыс кентінде 112 үй 342 адам, Пристань ауданында 80 үй 400 тұрғын су басу қауіпі бар аймаққа кіреді. Семей қаласы аумағында су басу қауіпі бар 15 участкі бар, онда 2364 тұрғыны бар 631 тұрғын үйді су басу қауіпі бар»,-деп ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель атап өтті.

Жағалауды бекіту учаскесінің жалпы ұзындығы 2566,0 метрді құрайды.

Осы жобаны жүзеге асыру 2021 жылғы жұмыспен қамту жол картасы шегінде қарастырылған. Сонымен қатар жобада ұзындығы 9 м. жағалау  бойындағы жоспарлы беткейлерге бетон плиталар қою қарастырылған. Еңістерді жоспарлау кезінде жағалаудағы сызаттар максималды сақталған. учаскелердің рельефін есекере отырып жасалған. Жергілікті атқару орган  21 174 м3 қар шығарды.

 «2022 жылғы су басу кезеңінде Семей қаласының ТЖБ және ЖАО күштері мен құралдары нақтыланды. Семей қ. ТЖБ жеке құрамының 40 адамы, 8 бірлік техника, 2 бірлік жүзу құралдары, 25 мотопомпа. Жергілікті атқару органдардан 15 мотопомпа, жеке құрамнан 70 адам, 104 бірлік техника (оның ішінде 20 автобус), 40 мотопомпа, 5 жүзу құралдары»,- деді Алексей Штыкель.