
Ағымдағы жылдың 08 ақпаны күні Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері мен Катонқарағай АПБ ЖПҚ қызметкерлерімен "Қәуіпсіздік үшін біргеміз!" акциясын өткізді. Акция мақсаты: жүргізушілерге соңғы ай ішінде ШҚО бойынша автокөліктерде өрттердің ұлғаюы туралы ақпаратты жеткізу. Оларға өрттердің себептері мен өрт туындаған жағдайдағы әрекет ету тәртібін түсіндірді.
Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері азаматтарға көліктердің техникалық жағдайларын қадағалау, сонымен қатар өрт сөндіргіш құралдың қысымын тексеруге кеңес берді.
Катонқарағай АПБ ЖПҚ қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін сақтау, әсіресе жылдамдық режимін, арақашықтықты және де көлікті озу кезінде қәуіпсіздікті сақтауға шақырды.
Жүргізушілерге қыз кезінде, яғни қатты қар жауу, боранда қәуіпсіздік шаралары жазылған арнайы жадыннамалар таратылды.