Құтқарушылар 8 өртті сөндіріп, 27 тұрғынды эвакуациялап және 17 тонна тұқымды оттан құтқарды

Құтқарушылар 8 өртті сөндіріп, 27 тұрғынды эвакуациялап және 17 тонна тұқымды оттан құтқарды

Семей қаласында жеке тұрғын үйде еденнің ағаш конструкциялары, төбе жабындылары, жеке заттар, жиһаз өртенді. Құтқарушылар жалпы 20 ш.м. алаңда өртті сөндірді, өрттің себебі бойынша жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.

Үржар ауданында шаруа қожалығының аумағында жеке тұрған 2 тұрғын үйде ағаш шатыр құрылымдары, төбе жабындары, есік және терезе блоктары, жиһаз, тұрмыстық техниканың жанатын бөлшектері, жеке заттар жалпы ауданы 100 ш.м. өрт себебі анықталуда.

Ұлан ауданында АҚ аумағында 60 ш.м. шатыр, ал құс қорасының ішінде 8 ш. м. алаңдағы үгінділер жанған. Өрт себебі – от жұмысын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамау.

Алтай ауданында азық-түлік дүкеніне жапсарлас салынған гаражда 1997 жылы шыққан "Toyota Hiace" маркалы автокөлігі жанған. Өрттің алдын ала себебі-қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу. Осындай себепті Жарма ауданындағы тас жолда күнбағыс тұқымымен тиелген "Камаз" өртенді. Өртті ШҚО ТЖД құтқарушылары жедел сөндіріп 17 тонна тұқым аман қалды.

Өскеменде Чехов көшесінде 9 қабатты көппәтерлі үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде тоңазытқыш өртенді.  Құтқарушылар жедел түрде 27 адамды эвакуациялады, оның ішінде 3-уі бала. Орын алған оқиғаның себебі тоңазытқыштың апаттық режимі болды.

Мокаленко көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 120 ш.м. ағаш шатыр құрылымдары, пластикалық қаптамалар, жеке заттар, жылытқыш жанып кетті, сондай-ақ оттың жылу әсерінен "Митсубиси Паджеро" маркалы автокөлігі ішінара зардап шекті. Өрттің алдын ала себебі-жылыту пештерін орнату және пайдалану кезіндегі ӨҚЕТ сақтамау.

Өскеменде "Металлург-2" саяжай қоғамының аумағында терезе және есік блоктарының, жиһаздың ағаш конструкциялары, 30 ш.м. Алаңда жеке заттар, сондай - ақ 8 ш. м. алаңда күркенің ағаш конструкциялары өртенді.
Семей қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында 6 ш.м. алаңда шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді.

ШҚО ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді. Бұзушылықтарды уақтылы жою қажет. Өрт болған жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне хабарласыңыз