
06 ақпан күні Тарбағатай ауданында, Ақсуат ауылынан 33 шақырым жерде үш жолаушысы бар Нива автокөлігі қарға батып қалды.
Көмекке ШҚО ТЖД қызметкерлері арнайы техникамен келіп жетті. Қар көшкінінен автожолдың тазартылған учаскесіне автокөлік сүйреп шығарылып , ол өз жолын жалғастырды.Азаматтар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
ШҚО ТЖД азаматтарға мынаны ЕСКЕРТЕДІ: жолға шығар алдында, алдын ала Дәрмен мобильді қосымшасынан ауа райы болжамымен танысу. Машинада әрқашан күрек, жылы заттар, кабель, зарядталған ұялы телефонды ұстаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.