
Риддер қаласында 07 ақпанға қараған түні Хариузовская көшесінде ЖКО орын алды. «Ниссан – Патрол» маркалы автомобильде 2 адам қысылып қалды. Құтқарушылар келгенге дейін жүргізушіні автокөлік салонынан куәгерлер шығарып алған. 1-МӨСБ қызметкерлері «Холматро» авариялық-құтқару құралы мен домкраттың көмегімен автомобильдің алдыңғы тірегін кесіп, есік пен аспаптар панелінің бөлшектерін ашып, 1988 жылы туған қысылған жолаушыны босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берді.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз