Гаражда болған өрттен жануарлар құтқарылды

Гаражда болған өрттен жануарлар құтқарылды

Аймақтарда аяздың тұрақтылығынан, кейбір аудандарда термометр -30 градусқа дейін төмендеді. Аяздың жоғарылауынан, өрт туралы хабарламалар да жиілей бастады. Жеке үйлер ғана емес, суықта автокөліктерде де өрт шығуы мүмкін. Адам факторы әрдайым дерлік себеп болады: қауіпсіздік ережелерін білмеуінен немесе елемеуінен.

Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында бүгін өрт шықты. Қоңырау таңғы 8-де "112" желісіне түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қалың қара түтін мен шаруашылық құрылыстарының жалындап тұрған ашық жалынын көрді.​ Келген соң, жеке тұрғын үйдің аумағында гараж және онда орналасқан автокөлік жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дереу сөндіруге кірісті. Иелері жанып жатқан гараждың жанында иттері бар екенін хабарлады. Өрт сөндірушілердің бірі байланған жануарларды тез ағытып жіберді. Иттер жоғары температураның әсерінен, стресстік күйде болды, бірақ күйік алған жоқ.​ ​ ​ ​

Өрт 32 шаршы метр алаңда жойылды, жоюға жеке құрамнан 5 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану.

Автокөліктерде болатын өрттердің негізі әсіресе суық ауа райында болады, және олар жүргізушілердің бар күшімен көліктерін жылытуға және іске қосуға тырысуынан болады. Себеп механизмнің өзінде болуы мүмкін. Электр сымдарының, электр жабдықтарының, "автоматты іске қосу", аккумулятор батареясының немесе отын жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен автомобиль жануы мүмкін: оның , жүйенің ажыратылуынан, шлангтарының ескіруінен, отынның ағуынан.

Суық ауа райының басталуына дейін автомобильге қызмет көрсету, оның барлық жүйелерін, механизмдері мен тораптарын тексеру қажет. Барлық борттық жүйе жарамды болуы тиіс. Мамандарға сақтандырғыштардың, жанармай жүйесінің және аккумулятордың тұтастығын тексеру үшін тағы бір рет ТҚКО-ға жүгіну керек .

Автокөлікті сақтауға көмектесетін автомобильдерді пайдалану ережелері:

- көліктің жарамдылығын бақылаңыз,

- электр жабдықтарын өздігінен орнатумен айналыспаңыз,

- техникалық байқаудан уақтылы өтіңіз.

- көлікте өрт сөндіргіш құралы болу керек.