
Әрбір күн сайын ШҚО ТЖД құтқарушыларға өрттер, төтенше жағдайлар туралы көптеген қоңыраулар түседі, әрине әрбір қоңырауға ТЖ қызметі міндетті түрде аса мән беріліп, шақыру орнына барады. Бірақ шақыртулардың кейбіреулері шынай болып шықпайды. Шығыс Қазақстан құтқарушыларына 2021 жылдың 12 айында «101» нөмері желісіне 236 581 және «112» нөмер желісіне 197 967 өтініштер келіп түскен, соның ішінде 5 қоңырау жалған қоңырау болып шықты, биыл жылдың басынан соған ұқсас 1 қоңырау тіркелді.
Жалған хабарламаларды екі түрге бөлуге болады: қателесіп жасалған және әдейі істелген. Ереже бойынша, қате шалынған қоңыраулар азаматтардың жоғары қырағылығымен байланысты және ол заң бойынша жазаланбайды. Бұл жағдайдың көбі күйген астың ісін, булануды, отпен жұмыс істегенде адамдардың өрт деп қабылдауына байланысты орын алады. Бұл жерде айта кететін жағдай, шынымен де сақтық үшін құтқарушыларды шақыру керек, өйткені, шынайы өрт болып қалса, босқа уақытты өткізіп алмау үшін.
Бірақта кейде адамдардан саналы түде диспетчерлерді әдейі шатастыру үшін де хабарлар түседі. Практикада бұндай хабарлар көбінесе балалардан және ТЖ бөлімшелерінің шапшаңдығын тексеру үшін, көңіл көтеру үшін ішімдік ішіп алған ересек адамдар екендігін көрсетеді.Бұндай жағдайларда ШҚО ТЖД естеріңізге салады: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 438 бабына сәйкес жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Бірінші тармақта көрсетілген құқық бұзушылық әкімшілік іс қозғалғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, немесе авария, өрт, стихиялық апаттарды жою кезінде орын алса, жеке тұлғаға 60 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады.Бірінші және екінші тармақтардағы іс-әрекеттерді, кәмілетке толмаған 14 жастан 16 жас аралығындағы балалар жасаса, олардың ата-анасы немесе олардың орнын басушы тұлға –ескерту немесе 15 айлық көрсеткіш түрінде айыппұл салынады.
Әрбір қоңырау адамдардың өмірін және мүлкін сақтауға мүмкіндік береді. Жалған қоңырауға бару үшін ШҚО ТЖД қызметкерлерінің уақыты және босқа шығын кетеді. Ал, осы кезде шынымен оқыс оқиғаға тап болған адамдарға көмек қажет болуы мүмкін.