Құтқарушылар көрсеткен көмек

Құтқарушылар көрсеткен көмек

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі құтқарушылар саусағы ісіп кеткен және сақинасын өзі шеше алмаған әйелге көмекке келді. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен сақинаны тиянақты тістеп, әйел адамның саусағын босатты.

Шемонаиха ауданында әйел екі бала пәтерде қалып қойған, пәтердің жабылып қалған кіреберіс есігімен күресе алмады. Үй иесі құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына келгеннен кейін 28-ӨСБ қызметкерлері шабуыл сатысының көмегімен 3-қабатқа көтерілді,  қылтима  арқылы пәтерге кіріп, ішінен кіре беріс есігін ашты.

Өткен демалыс күндері құтқарушылар авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде өздігінен жабылып қалған 8 есікті ашты. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бөлімшелерінің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар апта сайын жүргізіледі.

«ТЖД бөлімшелері адам өміріне қауіп төнген жағдайда ғана есікті ашуды жүзеге асырады және бұл кезде әр минут бағалы. Өмірге қауіп төндіретін нәрсе дегеніміз пәтердің ішінде есікті өз бетінше аша алмайтын адамдардың (кішкентай бала, қарт адам, мүгедек және т.б.) болуы. Сондай – ақ, қосулы қалған электр жабдықтары, газ қондырғылары, жылыту құралдары - өрттің немесе жарылыстың себебі болуы мүмкін», - деп атап өтті ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.

Қауіпсіздік мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары ескертеді: егер сіз пәтерден шыққыңыз келсе, есіктің  жабылып қалмауы үшін барлық шараларды алдын ала қолдануыңыз қажет.

Жалғыз тұратын туыстары бар барлық адамдар. Есіктің ішінен ашуға болатын кез-келген ысырмалар мен ілмектерді алып тастаған жөн. Бұл механизмдер сізге және әр минут қымбат болатын қажет болған жағдайда, жедел қызметтерге пәтерге кіруді қиындатуы мүмкін.

Кішкентай балалары бар адамдарға тек кілтпен жабуға болатын, өзігінен құлыпталмайтын құлыптарды орнату ұсынылады. Сондай-ақ, есіктер күтімді қажет ететінін ұмытпаңыз. Ілмектер мен құлыптарды мезгіл-мезгіл тазалап, майлау керек, ал шамалы ақаулық, құлыптың кептелуі немесе есіктерді ашу-жабу процесінде қиындықтар туындаған жағдайда дереу ақауды жөндейтін шеберді шақырыңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.