
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өскелең ұрпақты қауіпсіздік мәселелеріне үйретуге үлкен көңіл бөледі. Әр түрлі акциялар, интерактивті сабақтар өткізуден басқа, Шығыс Қазақстан облысында, 2010 жылы республикада алғашқылардың бірі болып «Жас құтқарушы» орталығы құрылды, оның базасында балаларды оқыту жүргізіледі. Бұл орталықта ШҚО ТЖД құтқарушылары мен педагогтары «Құтқару ісі», «Медициналық дайындық», «Өрт қауіпсіздігі», «Судағы қауіпсіздік», «Арнайы физикалық дайындық» пәндері бойынша оқыту жүргізеді, сондай-ақ көпсайыс бойынша спорт үйірмелері, суда жүзу, оның ішінде ТЖД оқу-жаттығу алаңдарында, «вертикаль» оқу өрмелеу қабырғасында, бассейнде де сабкақтар жүргізіледі. Бүгінгі таңда 500-ден астам бала сабаққа қатысады. Тұрақты негізде «Жас құтқарушы» кубогына қалалық жарыстар, тақырыптық экскурсиялар, шығармашылық және танымдық конкурстар мен викториналар жиі өткізіледі.
Жұмыс барысында «Жас құтқпрушы» орталығының мектеп тәрбиеленушілері, 2015, 2016, 2017, 2018 жылдардан бері, өрт – құтқару спорты бойынша әртүрлі деңгейдегі жарыстардың, республикалық чемпионаттардың жүлдегерлері болды. 2015 жылы Беларусь Республикасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттары, 2018 жылы Варнада, Болгарияда, 2019 жылы Саратов қ.Ресейде болды.
Халықаралық қозғалысы «Қауіпсіздік мектебімен» тұрақты байланыс орнатылған. Мәселен, 2015 жылы «Жас құтқарушылар мектебі» командасы Сочи қаласында өткен II Халықаралық «Қауіпсіздік мектебі» байқауында 2-орынға, 2015 жылы «Казапас-2015» халықаралық байқауында 3-орынға ие болды. 2016 жылы Сібір федералдық округінің «Жас құтқарушы» Х аймақаралық далалық лагерінде, Барнаул қаласында, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласында өткен III Халықаралық «Қауіпсіздік мектебі» байқауында команда 3 орынды иеленді. Әзірбайжанда 2017 жылы «Жас құтқарушы» халықаралық байқауының жеңімпаздары, 2018 жылы 1-Халықаралық «Жас құтқарушы» жарысына қатысты, Көкшетау қ., 2019 жылы Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша республикалық жарыста жас құтқарушылар бірінші және «Жас құтқарушы» Көкшетау қ. өткен екінші Халықаралық жарыста 23 қатысушының арасынан 4 орын алды.
Пандемия және карантиндік шаралар кезінде сабақтар онлайн режимде өтті.
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионатында жеке біріншілікте 1 командалық орын және 4 жүлдеге ие болдық.
«Айбын-2021» жиынында еліміздің барлық облыстарынан 74 команда қатысты. «№29 ҚББМО» КММ командасы «Жас сарбаз – жас тілші» жас тілшілер байқауына, ұлттық ойын тоғыз-құмалақ, машина құрастыру, бөлшектеу, медициналық дайындық, интеллектуалдық тапсырмалар және робототехника бойынша онлайн турниріне қатысты. Балалар өздерінің шығармашылық идеялары мен қабілеттерін жүзеге асырды. Қорытынды бойынша жас журналистер байқауында команда 3-орынға ие болды.
Жас құтқарушылар орталығының жасақтары да апаттар медицинасы орталығында болып, осы бөлімше дәрігерлерінің жұмысымен танысып, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, демалыстарын нәтижелі өткізуде.
Жас құтқарушылар сыныбы қауіпсіздік сабағын үйренгісі келетіндерді шақырады, кез келген ұлдар мен қыздардың осында келіп, көптеген пайдалы дағдыларды тегін ала алады.