ШҚО ТЖД мамандары 1800 астам нысандарда профилактика жүргізді

ШҚО ТЖД мамандары 1800 астам нысандарда профилактика жүргізді

Объектілерде өрттердің алдын алу және оларда азаматтардың өлімін болдырмау үшін ШҚО ТЖД мамандары көп еңбекті талап ететін алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

«2021 жылдың 12 айында 1860 тексерілген тәуекел дәрежесі бар объектілер мұқият қадағаланады. Жоспардан тыс тәртіпте 1491 өрт-техникалық тексеру жүргізілді. Нысандарда 11 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды. Жіберілген бұзушылықтар үшін 2443 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 млн.346 мың 065 теңге сомасына 278 айыппұл салынды. Бақылау тексерістерінің нәтижелері бойынша Нұсқамалардың орындалмағаны үшін соттарға 130 әкімшілік іс жіберілді", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Серік Амангелдин.

 Сондай-ақ өрттердің алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД мамандарымен шағын кәсіпкерлік объектілеріне 790 ақпараттық және ұсынымдық хаттар және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған кәсіпкерлік субъектілеріне 429 хаттар жіберілді. ЖАО және "Атамекен" ҰКП бірлесіп кәсіпкерлердің қатысуымен 132 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.           

2021 жылы бақылаудағы объектілерде 63 өрт болды. Уақытылы профилатиканың арқасында 2020 жылмен салыстырғанда бұл жану санын 2,4 есеге азайды.

  Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес объектілер жоғары және елеулі емес тәуекел дәрежесіне бөлінеді, объектілерді бөлу ҚР ІІМ министрінің 30.10.2018 жылғы және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 жылғы №31 Бірлескен бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" бірлескен бұйрықта көрсетілген.  Жоғары тәуекел дәрежесіне жататын объектілер жыл сайын тексеріледі, ерекше тәртіппен елеулі тәуекел дәрежесі жоқ объектілер, өтініштер, шағымдар және т. б. бойынша тексерілмейді.

  Кәсіпкер инспектордың қашан келетіні туралы 30 күнтізбелік күн бұрын алдын ала хабардар етіледі. Алдағы тексерудің ашықтығы Бас прокуратураның сайтында орналастырылатын жартыжылдық кестелерді көруге мүмкіндік береді.    Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік инспектор: .                                                                                                                           

1) уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы акт-

органда бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

2) қызметтік куәлік;

3) тексеруге жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағы қоса беріледі.

  Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге тапсырған күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі. Аяқталғаннан кейін басшыға тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы НҰСҚАМА және т. б. тапсырылады.

  Егер тексерілетін объектіде бұзушылықтар анықталмаса, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 60 балға дейін жинаған және бұзушылықтар жойылған жағдайда объект 1 жылға тексерулерден босатылады.

  Сондай-ақ, егер сараптама ұйымы берген өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиттің оң қорытындысы болса, бақылау субъектісі ерекше тәртіппен тексерулерден 1 жыл мерзімге босатылуы мүмкін.

"ҚР бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы"     Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26.12. № 229 Жарлығына сәйкес, 2020-2023 жылдар кезеңінде шағын кәсіпорын субъектілері тексерулерден босатылды, бұған халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылыққа ықтимал жаппай қауіп төндіретін бұзушылықтардың алдын алуға немесе жоюға бағытталған тексерулер қосылмайды.