
2022 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты Ертіс өзенінде мұз қату қаңтар айында пайда болды. Өткен жылдардың талдауы бойынша Семей қаласының шегінде Ертіс өзенінің толық мұз қатуы желтоқсан айының соңына байқалған. 2022 жылғы 24 қаңтарда Ертіс өзенінде су деңгейі 363 см (сыни -450 см) белгісіне көтерілді.
Тұрғын үйлерді су басу байқалған жоқ. Барлық су шалғынды аумаққа кетті. ТЖД, ҚР ТЖМ әскери бөлімінің әскери қызметшілері және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп, жер үйіндісі тұрғызылды және 120 текше метр инертті материал әкелінді.
Су деңгейінің мониторингі жалғасуда.
Семей қ. ТЖ басқармасының қызметкерлері Шәкәрім атындағы СМУ еріктілерімен бірге су басуы ықтимал тұрғын үйлерді алдын ала аралап шықты. Қазіргі уақытта су деңгейі 37 см-ге төмендеді, үйлерді су басу қаупі жоқ.