Шығыс Қазақстанда ШҚО ТЖД қызметкерлері 13 өртті сөндірді.

Шығыс Қазақстанда ШҚО ТЖД қызметкерлері 13 өртті сөндірді.

 

Аязды күндері өрт саны жиілеп кетті. Облыста өткен демалыс күндері 5 автокөлік, 1 шаруашылық құрылыс және вагон, монша мен 5 тұрғын үй өртенген.

Өрттің негізгі пайызы азаматтардың тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы себепті болып отыр.

         22 қаңтарда Семей қаласында Чайковский көшесі бойынша 1998 жылы шыққан "Хонда Аккорд" автокөлігінің қозғалысы кезінде ішкі қаптаманың жанатын бөлшектері, артқы дөңгелектердің қақпақтары, жалпы ауданы 1,5 ш.м. жабдықтар жанған.

   22 қаңтарда Сәтпаев даңғылы бойында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында 1992 жылы шыққан "Ауди-80" автокөлігінде қозғалтқыштың мотор бөлігінің бөлшектері, салонның ішкі қаптамасы, аспаптар панелі жанып кетті. Өрттің алдын ала себебі-қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу.

     Алтай ауданындағы Северная тұйық көшесінде жеке тұрғын үй аумағында моншаның ағаш құрылымдары жанған. Өрттің алдын ала себебі-отты абайсыз қолдану.

        Осы күні Шемонаиха қаласында жеке тұрғын үй көшесіндегі жалпы ауданы 35 шаршы метр веранда, шатыр үй-жайы, шатыр жабынының ағаш құрылымдары өртенді. Өрттің алдын ала себебі: жылыту пешін монтаждау және орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

       Семей қаласында Тоғжігітов көшесі бойынша жеке тұрғын үйде 3 ш.м. алаңдағы пештің жанында ағаш қабырға құрылымдары жағылды, өрттің алдын ала себебі – жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

        23 қаңтарда Кожкомбинатская көшесі бойынша ашық аумақта уақытша тұрукезінде 1992 жылы шыққан "АУДИ" маркалы автокөлік жанып кетті. Өрттің алдын ала себебі-қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу.

       Глубокое ауданында Тарханка ауылында жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді. Құтқарушылар 34 шаршы метр алаңда өртті сөндірді.

Риддер қаласында Заречная көшесі бойынша жеке тұрғын үй үй-жайында ас үйде 20 ш.м. алаңда төбелік жабындардың, қабырғалардың, терезе есік блоктарының, жиһаздың, ас үй керек – жарақтарының ағаш конструкциялары өртенді, алдын ала себеп-пешті орнату және пайдалану кезінде өртқауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Күршім ауылында мұзайдынының аумағында жалпы ауданы 18 ш.м. спорт құрал – жабдықтарын жалға беретін жеке тұрған вагонның ағаш конструкциялары өртенді, алдын ала себеп-электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

          Семей қаласында Красин көшесі бойынша жеке тұрғын үйде 6 ш.м. пеш жанында төбелік жабынның ағаш конструкциялары өртенді, өрттің алдын ала себебі – жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Өскемен қаласында "Титан" бау-бақша қоғамының аумағында 12-ші көше бойынша жеке тұрғын үйдің ауласында гараждың ағаш конструкциялары, шаруашылық құрылысының шатыры жанып кетті, сондай-ақ гараж ішінде жалпы ауданы 54 ш. м. мотор бөлігінің жанғыш бөлшектері, басқару панелі, дөңгелектері, "Ваз" автомобилі салонының қаптамасы жанып кетті.

           Астана көшесінде "Газель" автокөлігінде қозғалтқыштың мотор бөлігінің жанатын бөлшектері, аспаптар панелі жанып кетті. Өрт сөндірушілер 3 ш. м. алаңда өртті тез сөндірді.

             24 қаңтарда Камышенка ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында гараждың ағаш конструкциялары, сондай-ақ жанатын бөлшектер, салонның қаптамасы, аспаптар панелі, 1998 жылы шыққан "Mercedes" автомобилінің доңғалақ қақпақтары жанып кетті. Өрттің алдын ала себебі-қауіптілігі жоғары агрегаты бар отты абайсыз пайдалану.

ШҚО ТЖД еске салады: өрттің алдын алу үшін өте қарапайым ережелерді сақтау қажет:

- жанып  жатқан пештер мен іске қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;

- пештің қызып кетуіне жол бермеңіз;

- бір мезгілде бірнеше қуатты тұрмыстық аспаптарды қоса алғанда, электр сымдарын шамадан тыс жүктемеу;

- қолдан жасалған жылытқыштарды және қолдан жасалған басқа да электр аспаптарын пайдаланбаңыз.

Әрбір автокөлік иесі өз көлігінің өртенуіне жол бермеу үшін алдын-ала бәрін жасай алады (өрттен басқа).  Егер сіз автоматы іске қосуды немесе дабылды орнатқыңыз келсе, онда тек білікті мамандарға жүгініңіз.

Егер сіз көлікті гаражға қойсаңыз, онда оңай жанатын заттарды сақтауға болмайды – жиһаз, үлкен отын қоры (20 литрден астам) және май (5 литрден астам). Гараж бокстарында мамық пен құрғақ шөпті жағуға жол бермеңіз.

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.