
Автокөлікті пайдалану, сондай-ақ жолда жүру ережелерін сақтау кезінде төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау үшін көлік иесінің өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы маңызды шарт болып табылады.
Жыл басынан бері автокөлікте 3 өрт тіркелді.
Соңғы жағдай 2022 жылғы 19 қантарда сағат 13:04-де орын алды, Семей қаласының өрт сөндіру қызметіне Дачная көшесі бойында жеңіл автокөліктің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін 1988 ж.ш. «АУДИ-80» маркалы автокөліктін қозғалтқыш бөлігінің жанатын бөлшектері, салонның қаптамасы, аспаптар панелі, доңғалақ қақпақтары, құжаттар жалпы S = 4 ш.м. жанғаны аңықталды.
Өртті дер кезінде анықтау және оны жою үшін дереу шаралар қабылдау өте маңызды. Жүргізушілер өрттің басталғанын байқай алатын белгілер бар. Бұл бензиннің шыққан иісі, оқшаулаудың жануы, капот астынан шыққан түтін болуы мүмкін. Автомобильдің қазіргі заманғы әрлеуі негізінен полимерлерден, пластиктерден және басқа синтетикалық материалдардан тұрады, оның үстіне олардың барлығы дерлік жанғыш материал. Бұл материалдардан бөлініп шығатын газ өте улы.
Егер, сіз, осы факторлардың бірін анықтасаңыз, тоқтаңыз, көлікті мұқият тексеріп шығыңыз.
Автокөліктің жануы мүмкін болатын себептері:
- салонда темекі шегу;
- автомобильдің электр сымдарының қысқа тұйықталуы;
- отынның немесе майдың ағуы және олардың қозғалтқыштың қыздырылған беттеріне түсуі;
- қатып қалған қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көзін пайдалану;
- электргазбен дәнекерлеу жұмыстарын жөндеу кезіндегі абайсыздық;
- синтетикалық бензин канистрлерін көлікте сақтау статикалық электр тогының жинақталуына және жарылуына әкелуі мүмкін.
Жану анықталған жағдайда өртке қарсы қызметке 101 немесе 112 телефоны бойынша хабарлаңыз.