Семей құтқарушылары ЖКО зардап шеккендерге көмектесті

Семей құтқарушылары ЖКО зардап шеккендерге көмектесті

Бүгін, түнгі сағат бір шамасында құтқарушыларға жедел жәрдем қызметкерлері жол-көлік оқиғасы кезінде көлікте қысылып қалған адамдардың бар екендігі туралы хабарласты.

Оқиға орнына дереу келген құтқарушылар тез, бірақ барынша сақтықпен, авариялық-құтқару құралдарының көмегі арқылы автокөлікті көтеріп, екі зардап шегушіні шығарып, дәрігерлерге тапсырды.

Облыста бұрқасын мен көктайғақ туралы дауылды ескерту бар. Көлік құралдарының жүргізушілеріне аса мұқият болуға, жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтауға кеңес беріледі.

Төтенше жағдай кезінде  «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.