
2022 жылғы 18 қаңтарда Семей қаласы бойынша ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Крещение Господне" православиелік мерекесін өткізу кезеңінде қауіпсіздік мәселелері бойынша онлайн-баспасөз конференциясы өтті.
Аталған конференцияда Семей қ. Воскресенск соборының басшысы - иерей Вячеслав Николаевич Гутов, Семей қалалық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің басшысы- Садыкова Шолпан Балтабековна, Семей қ. ТЖБ төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры – Болат Агиманов және Семей қ. ПБ ЖПҚ бөлім бастығы - Бауыржан Садақбаев сөз сөйледі.
Тұрғындар үшін ақпарат- қала ішінде шомылу рәсімі Құлжановтар көшесі, 6 мекен-жайы бойынша "Воскресенский соборының" аумағында өтеді.
Бұл ретте Семей қ. ТЖБ халыққа ойықта шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді:
- ойыққа 1-2 минуттан артық емес сүңгу ұсынылады, сүңгуге болмайды;
- ойыққа дейін аяқ киіммен жүру керек, өйткені алдымен аяқтар қатып қалады;
- шомылу алдында біртіндеп шешіну керек, алдымен сыртқы киім, бірнеше минуттан кейін аяқ киім, содан кейін ғана купальникке дейін шешіну керек;
- - алкогольдік масаң күйде мұзды суға кіру ұсынылмайды;
-денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдарға (ЖРВИ, жүрек-тамыр аурулары, түйілу, қысым және т. б.) шомылу ұсынылмайды.;
- шомылғаннан кейін сүлгімен жақсылап сүртіп, киініп, ыстық шай, кофе және т. б. ішу керек.
- арнайы жабдықталған купельдерде ғана шомылу керек;
- балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады;
- үлкен топтарда мұзға шығуға, спирттік ішімдіктерді ішуге болмайды;
- автокөлікпен мұзға шығуға болмайды.
УЧС г. Семей