
2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Алтай ауданының әкімі Қ. Б. Байгонусовтың басшылығымен су тасқынына жол бермеу бойынша қабылданатын іс-шаралар бойынша ауданның ауылдық округтерінің әкімдерімен көшпелі кеңес өткізілді. Кеңес барысында Алтай ауданы ТЖБ бастығы а/қ полковнигі Т. Б. Дидахметов, 3-МӨСБ бастығы а/қ капитаны Д. Ж. Мәсімов, су тасқыны кезінде су басу қаупі бар ауылдық округтердің әкімдері, сорғы станциясының қызметкерлері тыңдалды. Баяндамашылар су тасқынына жол бермеу бойынша нақты қабылданған шаралар туралы айтты. Осы іс-шара шеңберінде Алтай қ .3-МӨСБ жеке құрамының су айдау құрылғыларын өрістету және қолдану бойынша іс-қимылдары практикалық пысықталды. Әкімдерге мотопомпалардың жұмысы мен құтқарушылардың іс-қимылдарының үйлесімділігі көрнекі түрде көрсетілді.