Крещендік суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы

Крещендік суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы

19 қаңтарда  бүкіл әлемдегі православиеліктер Крещение господне күнін тойлайды. Ағымдағы жылы осы күні салт-жораларды өткізу бойынша көптеген мәселелер болды. ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингте

қауіпсіз және санитарлық нормаларды сақтай отырып, іс-шаралар қалай ұйымдастырылатындығы туралы айтылды.

        ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алин Ғалымбек өз баяндамасында атап өтті:

«Облыста коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және республикада «Омикрон» коронавирус штаммы нұсқасының таралуына байланысты ШҚО-да ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы №1 қаулысымен регламенттелген шектеу шаралары қолданылады. Діни бірлестіктер объектілерінде барлық ұжымдық іс-шараларға тыйым салынған. ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Крещение мейрамын тойлау кезінде азаматтарды шектеу шараларының талаптарын сақтауға және суға жаппай шомылу орындарына (ойыққа) бармауға, сол арқылы адамдардың жаппай жиналуына жол бермеуге шақырады».

Халыққа жеке су құюмен және қасиетті суды таратумен шектелу, су алу орындарында адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты кемінде 1,5-2 метр сақтау ұсынылды. Православие шіркеулерінде адамдардың бір уақытта болуын шектеу (10 адамнан артық емес), олардың жаппай жиналуына жол бермеу.

Иерей Константин Дьяков Андреев кафедралдық соборының клирикі брифингте: «Мен діндар адамдардың крещение рәсімін рухани іс-шара ретінде қабылдауларына назар аударғым келеді. Крещение Господне мерекелеудің міндетті шарты мұзды суға шомылу болып табылмайды. Мереке дұға, шіркеуге бару, жақсы мінез-құлық және игі істермен атап өтіледі.»

христиан шіркеуіндегі діни қауымның мүшесі

христиан шіркеуіндегі діни қауымның мүшес

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титовтың мәліметінше, құтқарушылар крещение түнінде облыстың суайдындарында патрульдейді және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді: «Біздің қызметкерлер мұздағы өзін-өзін ұстау ережелері мен түсіндіру әңгімелерін өткізеді, әсіресе кішкентай балалары бар отбасыларға рұқсат етілмеген жерлерге қарағанда,  үйде шомылу дұрыс екенін түсіндіреді».

ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова қоғамдық тәртіпті сақтау және оны бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу туралы еске салды.