
16 Қаңтарда 14 сағат 05 минутта Катонқарағай ауданында "Согорное-Барлық" автожолының 11-ші шақырымында температураның көтерілуіне және желдің қатты екпіні 20 м/с-қа дейін жетуіне байланысты көлемі 30 текше метр көшкін өздігінен түсіп кетті, сондай-ақ көлемі 150 текше метр 14-ші шақырымдағы екінші учаскеде түскен. Жол жартылай жабылып қалды. Жергілікті атқарушы органдардың техникасы жұмылдырылып, МТЗ-80 тракторы жұмыс істеуде. Ауданның тыныс-тіршілігіне әсер еткен жоқ, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жуырда ШҚ Қазселденқорғау және ШҚО ТЖД мамандары 2022 жылдың 17 қаңтарына дейін аймақтағы көшкін қаупі туралы хабарлаған болатын. Қазселденқорғау және ШҚО ТЖД мамандары көшкін қаупі бар ошақтардан өту кезінде өте мұқият болу, олардың жанында тоқтамау, сондай-ақ тауға демалуға баруды ұсынбайды. Естеріңізге сала кетейік, облыста 497 көшкін қаупі бар ошақтар бар, олардың 336-сы құрылыстарға, автожолдарға және адамдардың өміріне қауіп төндіреді. "Өскемен-Северное", "Өскемен – Самар", "Өскемен-Алтай", "Согорное – Печи", "Берел-Рахман қайнары" (Катонқарағай ауданы), "Риддер – Чекмарь кеніші" және басқа да автожолдардың бойында көшкін қаупі бар ошақтар көп.