Бүгін Шығыс Қазақстан облысында "Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, бұрқасын, көктайғақ және қатты жел туралы ескерту жарияланды. Тұрғындарға елді мекендерден шықпауға және сақтық шараларын сақтауға кеңес берілді. Шемонаиха ауданында "Шемонаиха қ. – РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автожолында шекара бекетіне жақын жерде қар құрсауында 2 шағын автобус, 6 жеңіл, 2 жүк автомобилі және 1 Газель болды. Шемонаиха ауданының құтқарушылары жол қызметтерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көмек туралы хабарламаға жедел ден қойды. 10 адам, оның ішінде бір бала Шемонаиха қаласының жылыту пунктіне жеткізілді, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Барлық техника қар құрсауынан алынды, ал автожолдың осы учаскесі қардан тазартылды.
Елді мекеннен шықпас бұрын, тұрғындарға дауылды ескерту жарияланғанын және автожолдардың жай-күйін нақтылау қажет. Бұл туралы Сіз "Дәрмен"тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз. Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.