2022 жылдың басынан бастап көмек көрсету үшін ШҚО құтқарушылары 175 шығуды жүзеге асырды

2022 жылдың басынан бастап көмек көрсету үшін ШҚО құтқарушылары 175 шығуды жүзеге асырды

 

2022 жылдың басынан бастап ШҚО ТЖД құтқарушылары әртүрлі авариялық-құтқару жұмыстары мен төтенше жағдайларға 175 шығуды жүзеге асырды, оның барысында 71 адам эвакуацияланды, оның ішінде 20-сы бала және 21 құтқарылды, оның ішінде 6-ы бала. Құтқарушылардан басқа шұғыл жағдайларға Медицина апат орталығының ШҚ филиалы дәрігерлері де көмекке келеді. Шығыс Қазақстан филиалында 11 дәрігер жұмыс істейді. Биылғы жылы олар 11 өртке, 3 ЖКО-на шықты. 6 зардап шегушіге кәсіби көмек көрсетілді. Қысқы кезеңде медицина-құтқару пункттері жылыту пункттері сияқты жұмыс жасайды, өңірде олар – 4. Жыл басынан бастап 2 адам көмекке жүгінді. 2021 жылы филиал өз көлігі – реанимобильді алды. Оның көмегімен, дәрігерлер жолда тікелей көмек көрсете алады, ол стационардағы көмек сияқты.

«Төтенше жағдайлар әрқашанда кенеттен болады. Бұл сәтте тез келіп, кәсіби көмек көрсету өте маңызды. Құтқарушылар, өз өмірін қатерге тігіп, өз міндеттерін атқарады, қызметке немқұрайлы қарамай, керісінше азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз жандарын қиюға дайын тұрады. Басқалар үшін- оқиға, құтқару және ерлік болса, біз үшін ол – күнделікті жұмыс», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Өңірде құтқарушылар өрт кезінде, қар бұрқасынында, ЖҚО, мұздағы оқиғаларға және су тасқыны кезеңінде, пәтерлерде тұрғындардың есіктері жабылып қалғанда көмекке жиірек келеді, қайғыға ұшыраған балаларға, егде азаматтар мен мүгедектерге, жануарларға көмектеседі, туристер, малшылар, балық аулаушылар жоғаоып кеткенде, іздестіру жұмыстарына қатысады.

ШҚО ТЖД құтқарушыларына хабарласу бойынша көш бастап тұрған – жануарларға көмек көрсету мен пәтерлерде жабылып қалған есіктерді ашу. Облыста осындай оқиғалар аптасына 10 ретке дейін болады.